31 мамыр – Қазақ тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі – миллиондаған адамдардың өліміне әкелген жаппай саяси қуғын-сүргін мен алапат ашаршылықты еске алып, аза тұтатын күн. Жалпы, 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 20 мыңы атылды. Қазақстан аумағында ГУЛАГ құрылымының ең ірі лагерлері — АЛЖИР, Степлаг, Карлаг болды. Республика бір үлкен түрмеге айналды. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстанның лагерьлеріне 5 миллионнан астам адам жер аударылды. Кейбір мәліметтерге сәйкес, тұтқындардың жалпы саны бұл көрсеткіштен едәуір асып түседі.
