
Құттықтаймыз!
«Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» конкурсының өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша Тау-кен металлургиялық колледжінің студенті Саламат Диас өз білімін, көшбасшылық қасиетін, қоғамдық белсенділігі мен жетістіктерін жоғары деңгейде дәлелдеп, жеңімпаз атанып, байқаудың Республикалық кезеңіне жолдама алды.
Бұл жетістік – табандылықтың, еңбекқорлықтың және үздіксіз ізденістің жарқын жемісі. Студентіміздің жеңісі – колледжіміздің абыройын асқақтатып, білім алушыларға үлгі болатын зор жетістік.
Саламат Диасты шын жүректен құттықтаймыз! Республикалық кезеңде жоғары нәтиже көрсетіп, биік белестерді бағындыруына тілектеспіз.