Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Үкіметі Аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің өңірлік инспекторы Нұрғали Қуандықұлы Егембердиев және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің бас сарапшысы Замзагүл Шаймұхамедқызы Утепова Тау-кен металлургиялық колледжіне келді.
Сапар барысында қонақтар колледжіміздің материалдық-техникалық базасымен, оқу кабинеттері, зертханалары және өндірістік шеберханаларымен танысты. Сонымен қатар білім алушылардың сапалы кәсіптік білім алуына және тәжірибелік дағдыларын жетілдіруіне жасалған жағдайларға назар аударылды.
