31 қазан күні Республика күніне орай Жезқазған гуманитарлық колледжінде Ұлытау облысы колледж студенттері арасында облыстық дебат турнирі өтті. Турнирге облысымыздың 12 колледжінен қазақ лигасында 16, орыс лигасында 5 команда қатысып өзара мықтыны анықтады. Сайыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар мен әділ төрелік танытқан төрешілер Ұлытау облысы білім басқармасы басшысының м.а. М.Туребековтың Алғыс хатымен марапатталды. Қазақ лигасында 16 команда ішінен оза шауып, үздік деп танылған Тау-кен металлургиялық колледжінің “Көкжал” командасы 3-орынмен марапатталды.