Біз туралы қысқаша

   «Тау-кен металлургиялық колледжі» КММ – 70 жыл тарихы бар білім ордасы.  Ұлытау өңірінің өнеркәсіп кәсіпорындары үшін жұмысшы мамандарының  ұстаханасы деп атайды. Тау-кен металлургиялық колледжі 1955 жылы 2 қазанда ТУ-13 (техникалық училище 13) ретінде құрылды, 1965 жылы ГПТУ-111 болып өзгертілді, 1984 жылдан бастап №9 кәсіптік лицей деп аталды. Ал 2012 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімдігінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қайта атау туралы» 28.12.2012 ж. № 66/06 қаулысы негізінде «№9 кәсіптік лицей» ММ «Тау — кен металлургиялық колледжі» КММ болып өзгертілді.

          70 жылдан астам уақыт ішінде тау-кен металлургия өнеркәсібі, құрылыс және қызмет көрсету саласы үшін тек аймаққа  ғана емес, жалпы ел үшін мыңдаған жұмысшы кадрлар дайындалды. Ұжымның алдында тұрған техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жөніндегі жаңа міндеттер колледждің өңірдің білім беру қызметтерін көрсету нарығындағы миссиясы мен көзқарасын айқындауды, Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларында айқындалған мақсаттар мен міндеттерді орындауды талап етеді.

Мамандарды даярлауды жоғары білікті инженерлі- педагогикалық құрам жүзеге асырады.

Оқытушылар құрамы:  педагог- 23 , өндірістік оқыту шеберлері -14

Педагогтердің сапалық құрамы:

педагог- зерттеуші-3, педагог сарапшы-3

бірінші санатты-2, педагог- модератор-5, магистр-3

Өндірістік оқыту шеберлерінің сапалық құрамы:

жоғары санат-1, бірінші санат-1, педагог сарапшы-1,педагог- модератор-1

Жұмыспен қамту: мемлекеттік тапсырыс бойынша- 80 %

Оқытушылар құрамы:  педагог- 23 , өндірістік оқыту шеберлері -14

Педагогтердің сапалық құрамы:

педагог- зерттеуші-3, педагог сарапшы-3

бірінші санатты-2, модератор-5, магистр-3

Өндірістік оқыту шеберлерінің сапалық құрамы:

жоғары санат-1, бірінші санат-1, педагог сарапшы-1, модератор-1

Колледжде күндізгі оқу нысаны бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде оқыту жүргізіледі.